Астана - 101,4FM

Мәдениет жаңалықтарына шолу

Мәдениет жаңалықтарына шолу

"Астана" радиосының жаңа жобасы - "Жаңа" хабарында аптаның мәдениет жаңалықтарына шолу жасалды.

  • Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Əділбек Қабаев Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жазушы Жабал Ерғалиевті қабылдады.
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2020 жылдың 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалін өткізеді. 
  • Шығыс Қазақстан облысынан сақ қоғамы билеушісінің ат-әбзелдері табылды. Табылған 850 алтын бұйымның барлығы салтанатты ат шеруіне арналған. Ғалымдардың пікірінше, Мұндай жәдігерлер қазына қорғанның өзінде емес, қасындағы құлшылық орнынан табылған. Барлық бұйымдар "аң" стилінде жасалған. Тарихшылар мұндайды әлі ешбір қорғаннан тапағанын айтады. 
  • Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева бастаған зиялы қауым өкілдері мен ақ халатты азбал жандардың қатысуында «Елге саулық, дәрігерге құрмет» атты кітап көрмесі ашылды. 

Осы және өзге де мәдениет жаңалықтарын аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың жүргізушісі: Айсәуле Бейсенхан.