Астана - 101,4FM

Аққайың ауданы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Аққайың ауданы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

«Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында партияның сайлауалды бағдарлама жобасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Партия төрағасы Азат Перуашев бағдарламадағы ең негізгі басымдық – Тәуелсіздік және Алаш ұлттық идеясы екенін баса айтты. Перуашевтің айтуынша, билік терең әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қабылдап, жүзеге асыру қажет», - деді Азат Перуашев.

***

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкіміне оңтүстіктен қоныс аударғандардың үйінің нашар салынуына байланысты қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев мемлекеттік бағдарламаға атүсті қараған. Әкімдік салып берген үй жылымай қойған. СҚО әкімінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу жүргізілген. Аймақ басшысы аудан әкімдері мен мемлекеттік орган басшыларына жауапкершілік туралы ескертті, тіпті жұмысынан босатылатынын айтты.

***

Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдына өнер тарландары Сабира Майқанова, Нұрмұхан Жантөрин, Хадиша Бөкеева және Асанәлі Әшімовке арналған композиция ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Салтанатты шараға театр және кино актері, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов және өзге зиялы қауым өкілдері қатысты. «Бұл мәдениет пен өнерге, оның өкілдеріне, аға ұрпаққа көрсетілген құрмет» - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

***

Павлодарлық құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен балықшыны судан алып шықты. Оқиға бүгін таңертең болған. 112 пультіне «Акуленок» шығанағының аумағында ер адамның балық аулау кезінде мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, балықшы құтқарды. Мұздың тым жұқа болуына байланысты құтқару жұмыстары күрделене түсті. Құтқарушылар 1960 жылғы ер адамды мұздан шығарып алып, жедел жәрдем қызметінің бригадасына тапсырды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. ТЖМ тұрғындарға осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұқа мұзға шықпауға кеңес береді.

***

Ақмола облысы аумағында барымташылар ұсталды. Қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады. Топ төрт адамнан құралған. Олардың мал ұрлаудың төрт фактісіне қатысы бар екені анықталды. Қылмыскерлер түнгі уақытта далада жайылып жүрген ірі қара малды атып, етін сол жерде мүшелеп, оны елорда базарларында сатқан.