Астана - 101,4FM

"Мені ренессанс шабыттандырады"

"Біздің уақыт" радиошоуында Нұр-Сұлтан қаласы Халықаралық бакалавриат бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 "Д" сынып оқушысы Мақсат Әнуарбеков қонақта болды.

  • New York Film Academy: режиссура бойынша Флоренцияда дәріс алдыңыз. Шақыртуды өздері жіберді ғой?
  • Қазақстандық жас жазушылардың ішінен іріктеліп, АҚШ-тың Огайо штатына жазушылар курсына қабылдандыңыз. Өтінім беру, іріктеу жұмыстары жайында айта кетсеңіз.
  • Сізді сегіз қырлы жігіт деп танимыз: пианино мен гитарада ойнап, сурет салумен, ән жазумен әуестенеді екенсіз. Жақында альбом шығаруды жоспарлап отырсыз. Тыңдаушыларымыз біле жүрсін, толығырақ тарқатыңыз.
  • Архитектура, кинематография, режиссура саласын таңдауға не себеп?
  • Әлемдік танымал режиссерлерден кімді үлгі тұтасыз?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын аудиодан тыңдай аласыз.

Редактор-жүргізуші: Нұртас Нұрғали, Әбілқасым Есентай.