Германияда қатаң локдаун енгізіледі

- Жалпыхалықтық онлайн-диктант өтеді.
- Германияда қатаң локдаун енгізіледі.
- Жер тұрғындары күннің толық тұтылуын көре алады.
Алматы қаласының Түрксіб ауданында Желтоқсан саябағы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Желтоқсан оқиғасының қатысушылары, зиялы қауым, қоғам өкілдері, тұрғындар жиналды. Қазіргі пандемияға қарамастан, саябақтың бірінші кезеңі аяқталды. Саябақта 13 ойын алаңы бар. Саябақтың басты ерекшелігі - ұзындығы 1200 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған көпір. Ол Кіші Алматы өзенінің арнасынан және Әуежай көлінің шығыс жағалауынан өтеді. 2021 жылы саябақ жұмыстары жалғасады. Жаяу серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды, сондай-ақ тоғайдың жасыл қорын қайта құру жоспарланып отыр.
***
15-желтоқсанда, яғни Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Stan.kz ақпараттық агенттігінің ұйымдастыруымен республикалық жалпыхалықтық онлайн-диктант өтеді. Қазақ тіліне құрметпен қарайтын әрбір азамат үйде отырып-ақ, диктант жазып өз бағасын алады. Ол үшін сайтқа тіркеліп, онлайн-диктант жазуға өтініш қалдыру. Ал, диктантты үздік жазған 5 адам сыйлыққа смартфон алады. Диктантты еліміздің танымал журналистері мен ұстаздары оқиды.
***
Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі. Яғни, азық-түлік дүкендерінен басқа дүкендер 10 қаңтарға дейін жабық болуы керек. Рождество мерекесінде 10 адамға дейін тек жақын туыстар ғана жинала алады. Жаңа жыл мерекесі күндері шектеу шаралары жеңілдетілмейді; Германияға шетелден келушілер елге коронавирусқа қарсы теріс сынамасының қорытындысымен және 5 күндік оқшауланудан кейін ғана кіруіне болады. Ел Үкіметі Biontech/Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат 29 желтоқсан күні берілетінін хабарлады.
***
Беларусь астанасы Минскіде рұқсат етілмеген іс-шараларда 300-ден аса адам ұсталды, - деп хабарлайды Тенгриньюс. Дереккөз мәліметінше, жексенбілік наразылық шарасы осымен 18-ші рет өткен. Оған шамамен 800 адам қатысқан. Рұқсат етілмеген іс-шараларға қатысушыларға бірнеше рет ескерту жасалды. Талапты орындамаған және наразылық шеруіне қатысқан ең белсенді тұрғындар ұсталды", - делінген қалалық полиция таратқан хабарламада. Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан еді.
***
Бүгін, 14 желтоқсанда Күннің толық тұтылуы кезінде Жер шары тұрғындары Айдың айналасында күн дискісін толығымен жауып тұратын отты сақинаны немесе «Күн тәжін» көре алады. Бұл туралы ТАСС хабарлады. «Күннің толық тұтылуы кезінде отты сақинаға ұқсас «Күн тәжі», сондай-ақ Күнге жақын орналасқан жұлдыздар мен планеталар көрінеді», - делінген хабарламада. Бұл құбылысты Чили мен Аргентина тұрғындары толық тамашалай алады, ал Оңтүстік Америка, Полинезия, Антарктида мен Африкада құбылысты кейбір мемлекеттің тұрғындары ғана көре алады.