Астана - 101,4FM

Әлемде COVID-19-ға шалдыққандардың саны 90 миллионнан асты

Әлемде COVID-19-ға шалдыққандардың саны 90 миллионнан асты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА Кеңесі ұсынған Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарына дауыс берді. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтіп жатыр . «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблеядан сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс беріледі. Оған ҚХА мүшелерінің қатысуы ескерілген.

***

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Кеңесі ұсынған Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарға дауыс берді. Мұнымен қоса, Үкімет басшысы Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, сондай-ақ ұсынылған 9 кандидатды сайлауға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысты.Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтіп жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады. 

***

Орталық сайлау комиссиясының партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы брифингі бүгін сағат 15:00-де өтеді. Оны ҚР ОСК-ның интернет-ресурсында онлайн көруге болады. 

***

Қазақстандағы сайлау әділ, демократиялы өтті. Мұндай пікірді ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары, байқаушылар миссиясының басшысы Чжан Хайчжоу білдірді. Оның айтуынша, Сайлау бұқаралық ақпарат құралдарында егжей-тегжейлі әрі жан-жақты жарияланды. Барлық эпидемиологиялық-санитарлық норма сақталды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қажетті барлық жағдай қарастырылды. «Сайлау кезеңінде миссия мүшелеріне ескертулер мен шағымдар келіп түскен жоқ. Миссия сайлауды еркін, әділ әрі демократиялы өтті деп санайды», дейді Чжан Хайчжоу. 

***

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 10 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола мен Павлодар облыстары болған еді. Бүгінгі бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Атырау облыстары орналасқан. Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты. «Сары» аймақта сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар. Қалған өңірлер- «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген. 

***

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 746 адамнан коронавирус ПТР-тест арқылы расталды. Ауырғандар саны жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында , Нұр-Сұлтан қаласында , Атырау,Қарағанды өңірлерінде де өзге өңірлерге қарағанда сырқаттанғандар саны көп. Пандемия басталғалы елде қауіпті індетті 163 019 адам жұқтырды. Сондай-ақ, өткен тәулікте 411 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 

***

Әлемде COVID-19-ға шалдыққандардың саны 90 млн-нан асты. Олардың 1 млн 93 мыңы қауіпті індеттен көз жұмса, 50 млн-ға жуық адам жазылып шықты. Бұл ақпаратты Джонс Хопкинс университеті таратты. Індеттің ілмегіне іліккендердің саны бойынша ең бірінші орында АҚШ тұр. Онда індет жұқтырғандар саны 22 млн 200 мыңнан асып отыр. Одан кейін Үндістан мен Бразилия тұр.