Астана - 101,4FM

Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

Өткен жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты 5 министрлік толық игермеген. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты,. Оның атуынша, игерілмеген қаражаттың неғұрлым ірі сомалары Ішкі істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Әділет министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне тиесілі. «Игерілмеудің негізгі себептері: өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы; төлем жөніндегі құжаттардың ұзақ келісуі; орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау; нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар, сот талқылаулары үшін ақы төлеу», - деді ол.

***

Былтыр бағаның жалпы өсуіне азық-түлік инфляциясы ең көп әсер етті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. «Жылдық инфляция да бір ай бұрынғы 7,3 пайызбен салыстырғанда 2020 жылдың соңында 7,5 пайызға дейін жылдамдап, Ұлттық банктің 7,0-7,5% деңгейіндегі болжамына сәйкес қалыптасты. Бағаның жалпы өсуіне азық-түлік инфляциясы ең көп ықпал етті. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі нарықтарда жекелеген тамақ өнімдерінің теңгерімсіздігі күшейгеннен 10,8 пайыздан 11,3 пайызға дейін ұлғайды», - деді ол. 

***

Өткен жылы елімізде жалпы тұтынудағы қазақстандық тауарлардың үлесі 4,7 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. «Экономика құрылымының сапалы өзгеруі байқалды. Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу үлесі 9,4 пайыздық тармаққа артты. Жеңіл өнеркәсіптің, автомобиль жасаудың және дайын металл бұйымдарының екі мәнді өсуі байқалады. Өңделген, дайын тауарлардың экспорты ұлғайды», - деді министр. 

***

12 қаңтардағы мәлімет бойынша елде 23 403 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 5 711 пациент стационарда, 17 692 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. • 283 адамның жағдайы ауыр; • 57 пациент ауыр халде жатыр, 47 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігігі хабарлады. Жалпы ел бойынша қауіпті індет жұқтырғандар саны 163 711 адамға жетті . Ал жазылғандар саны – 149 843.  

***

Англияда Covid-19 вирусына қарсы жаппай вакциналаудың жеті хабы ашылды. Көрме орталықтары мен футбол стадиондары, корольдік отбасының танымал ипподромының жанында адамдарға екпе егу орындары ұйымдастырылып жатыр. Жаппай вакциналауға артылып отырған сенім жоғары, себебі елде коронавирустың «британдық штаммын» жұқтырғандар саны өсіп келеді. Британияның екі миллион тұрғыны ауруға қарсы екпе алды. 

***

Солтүстік Қазақстан облысында боранның күшеюіне байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды. Мамандардың айтуынша, соққан желдің екпіні 28 метрге жеткен. Ауа температурасы орташа 20-22 градус суық болғанымен, желдің әсерінен ол 40 градусқа дейін төмендейді. Осыған байланысты құзырлы мекемелер тұрғындарға дауылды ескерту туралы хабарлама жолдады.