Астана - 101,4FM

Республика даңғылын абаттандыру жоспарланып отыр

Республика даңғылын абаттандыру жоспарланып отыр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтты. «Қабылданған заңдағы маңызды нормалардың бірі – балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс институтын енгізу. Енді мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жекеменшік ұйымдар да орындай алады. Бұл мемлекет тарапынан үлкен шығындарды қажет етпей-ақ балалардың үйірмелерге және басқа да дамыту орталықтарына баруына қатысты мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді.

***

Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарына алып кіруге және онда пайдалануға тыйым салынатын заттардың тізімін бекітетін болады. Бұл норма оқу орнында білім алушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін және алдын алу шараларын күшейту үшін енгізіліп отыр. 

***

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары аясында Республика даңғылын экономиканың шоғырланған орны ретінде абаттандыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл тәсіл халықты жаяу жүруге, сол арқылы белсенді және сау болуға үндейді. 

***

Әрбір екінші шетелдік турист Алматыға келеді. Еліміздегі туризмді дамытудың стратегиялық басымдықтары ҚР туризм индустриясын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Оның аясында Алматыда тау кластерін дамыту бар. Қаланың туризм басқармасы атап өткендей, мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайға дейін туристердің жыл сайын өсуінің оң динамикасы болған. «Әрбір екінші шетелдік турист Алматыға келді. Соңғы 5 жылда шетелдік туристер саны өсті, - деп атап өтті туризм басқармасы. Сарапшылардың пікірінше, 2021 жылы Алматыда сыртқы және ішкі туристердің саны 25%-ке артады. «Эпидемиологиялық жағдай жақсарса, биыл Алматыға 1 миллион турист келеді.

***

Теміртаудағы 15-ші қазақ мектеп-гимназиясына қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Ол - «Алаш» ұлттық партиясының негізін қалаушылардың бірі. Алашорда үкіметінің төрағасы. Сондай-ақ 23-ші мектепке даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осыған орай Теміртауда ақындар айтысы, «Жауыртаудағы кездесу» облыстық Форумының фестивалі және басқа да шаралар өтеді. 

***

Индонезияда коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егу басталды, - деп хабарлайды жергілікті Kontan порталы. Елде екпе салуда өзгеше әдіс қолданылған. Алғашқы кезеңде егде жастағы адамдарға екпе салудың орнына, ең алдымен, 18 бен 59 жас аралығындағы адамдарға вакцина салынады. "Біздің басты нысан - вирусты тарататындар", - деді елдің жаңа денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садыкин. 270 миллион халқы бар Индонезия мектеп пен мемлекеттік мекемелерді жапқанымен, қатаң шектеу қабылдаудан бас тартқан. Халықтың жартысынан көбі жеке секторда жұмыс істейтіндіктен, қашықтан жұмыс істеу көптеген адам үшін тиімсіз. "Біз жұмыс кезінде көп адаммен байланысатын адамдарды бірінші орынға қойдық", - дейді министр. Сонымен қатар, ел үкіметі жастарды вакцинациялау арқылы егде жастағы адамдарды қорғайтынын айтады.