Астана - 101,4FM

Жыл басынан бері еліміздің аумағында 6484 қылмыс тіркелді

Жыл басынан бері еліміздің аумағында 6484 қылмыс тіркелді

Жыл басынан бері еліміздің аумағында 6484 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Қарағандыда ұсталған қылмыстық топ мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірді Өскеменде зейнеткердің пәтерін жалдаған ер адам 2 млн теңгесін ұрлап кеткен Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйел іздестіріліп жатыр «Жыл басынан бері 6484 қылмыс жасалды, оның 4321-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 35 кісі өлтіру қылмысын, 12 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіруді, 42 тонауды, 977 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді ресми өкіл министрлікте өткен онлайн брифингте.

***

Тараз қаласындағы орталық стадионға Балуан Шолақтың есімін беру және ескерткішін орнату туралы ұсыныстар бойынша зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын кезекті рет аралау барысында шаһардағы орталық стадион жанындағы скверге арнайы ат басын бұрды. Мұндағы Абай мен Сүлейменов көшелерінің қиылысынан орталық стадионға дейін апаратын жаяу жүргіншілер аллеясын кеңейту қажеттігіне назар аударылды. Істемей тұрған субұрқақтарға қатысты ұсыныстар қаралмақ. Тараз жұртшылығынан орталық стадионға аты аңызға айналған балуан, халық ақыны және композитор Балуан Шолақтың есімін беру және тарихи тұлға ескерткішін «Тараз-Арена» спорт сарайының алдынан облыстың бас стадионына көшіру туралы ұсыныстар түскен. Қазіргі таңда осы ұсыныстар бойын зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жамбылдықтардың 32 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады десек, ағымдағы жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 35 пайызға дейін жеткізу көзделуде. «Біз атқарушы органдар жұмысының тиімділігін бағалаудың қосымша индикаторын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл спорттық нысандардың, оның ішінде мектеп спорт залдарының жүктелу деңгейіне қатысты», - деді Бердібек Сапарбаев. Бұдан соң аймақ басшысы қаладағы бірқатар білім ошақтарының құрылыстарымен танысты. Атап айтсақ, облыс әкімі №4, №16 және №2 орта мектептерге барып, олардың құрылысының жай-күйін барлады. 

***

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 95 миллионнан асты, деп хабарлады Джонс Хопкинс университеті. Университеттің соңғы мәліметтеріне сәйкес 95 003 533 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. COVID-19 жағдайларының ең көп саны АҚШ-та тіркелді – 23,9 млн-нан астам. Пандемия басталғалы аурудан әлемде екі млн-нан астам адам қайтыс болды, 52,2 млн-нан астам адам сауығып кетті. 

***

Ұйқының қанбауы коронавирус жұқтыру қаупін еселеп арттырады. Бұл туралы ресейлік ғалымдар мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, 5 сағаттан аз тыныққан адамның иммунитеті әлсірейді. Мұны болдырмау үшін бір мезгілде ұйықтап, бір уақытта тұруды әдетке айналдыру қажет. Сондай-ақ сарапшылар ұйқының сапасын арттыру үшін әдеттегідей оятқышты емес, жарықпен оятатын гаджеттерді пайдаланған дұрыс дейді. Ең абзалы 7-9 сағат ұйықтау. 

***

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңартылған рейтингіде 45-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Тараздағы орталық стадионға Балуан Шолақтың есімі беріліп, ескерткіші қойылуы мүмкін Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды Қарағандыда теннистен республикалық турнир мәреге жетті Теннис: Денис Евсеев Түркиядағы турнирдің финалына шықты А.Бублик өзінің спорттық жолында рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Оның бұдан бұрынғы үздік көрсеткіші 2020 жылдың ақпанындағы 47-орын еді. Осылайша өткен аптада Анталия ATP 250 турнирінің финалына дейін жеткен А.Бублик бірден бес сатыға (50-ден 45-ке) жоғарылады. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде бұрынғыша сербиялық Новак Джокович көш бастаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, аустриялық Доминик Тим үшінші орында келеді. Қазақстандықтардан Михаил Кукушкин 89-ыншы, Дмитрий Попко 165-орнын сақтап қалды. Жұптық сында М.Кукушкин 76-орнында қалды. Ал Андрей Голубев пен А.Бублик үш сатыға көтеріліп, сәйкесінше 85-інші және 89-орынға жайғасты. Александр Недовесов 133-сатыда тұр.