Астана - 101,4FM

Бас қаланың басты радиосына 22 жыл

Бас қаланың басты радиосына 22 жыл

"Астана" радиосы 1999 жылы 19 қаңтарда алғаш рет эфирге шықты. Сол уақыттан бері радиоарна елордамен қатар дамып келеді. Көбінесе жастар аудиториясын қамтитын "Астана" радиосы 22 жыл ішінде сапалы музыка және қызықты шоу-бағдарламалармен тыңдармандар жүрегінен орын алып үлгерді. 

Радио мемлекеттік жастар саясатын негізге ала отырып, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағарту саласындағы өзекті тақырыптарды көтереді. Екі тілде хабар тарататын радиоарна тікелей эфирде күнделікті сағат таңғы 7:00-ден түнгі 1:00-ге дейін жұмыс істейді. 

"Астана" радиосының 19 қаңтардағы мерекелік эфирін күні бойы Youtube желісі мен Facebook әлеуметтік парақшасында тамашалауға болады. Радиода әр жылдары хабар жүргізген журналистер эфирді тізгіндеп, танымал орындаушылар өнер көрсетеді. Бағалы сыйлықтар ойнатылып, ең үздік тыңдармандар анықталады. 

Астана радиосы қосулы болсын!