Астана - 101,4FM

Ұлттық бірыңғай тестілеу ақпанның 5-іне дейін жалғасады

Ұлттық бірыңғай тестілеу ақпанның 5-іне дейін жалғасады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Заң жобасын қабылдау бейінді заңға ратификацияланған халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы заңдарының алдындағы басымдықты, жұртшылықты халықаралық шарттардың мәртебесіндегі өзгерістер жөнінде хабардар ету туралы нормаларын енгізуді көздейді. Бұл туралы баяндамасында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.

***

Денсаулық сақтау министрлігі 20 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Ол бойынша «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Сары» аймақта Алматы , Батыс Қазақстан Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

***

Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында – 198, Павлодар облысы – 151, Алматыда – 112 адам инфеция жұқтырған. Тәулік ішіндегі ең жоғары көрсеткіш осы өңірлерде. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 171 232 адам. Сонымен қатар өткен тәулікте 948 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Барлығы елде қауіпті аурудан 155 397 адам сауықты. Бүгін шыққан мәліметтер бойынша елде 25 038 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. 307 адамның жағдайы ауыр; 61 пациенттің халі нашар, 34 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сонымен қатар «18.01.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония 118 адамда анықталды. Сырқаттан 3 адам көз жұмды.  

***

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді. Карантинге байланысты түлектер тестілеуді 15 лек бойынша тапсырады. Оны 120 мыңнан астам адам тапсырады деп жоспарланып отыр. Олар – 11 (12) сынып оқушылары, былтыр ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер және шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша ауысқысы келетін студенттер. Сонымен қатар санитарлық нормаларға сәйкес ата-аналар мен мұғалімдерге тест өтетін пунктінің аумағында болуға тыйым салынады.