Астана - 101,4FM

Олимпиада ойындарының уақыты өзгермейді

Олимпиада ойындарының уақыты өзгермейді

«Отбасы банк» 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға өтініш беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. «Бір жолғы зейнетақы аударымын азаматтар өздігімен пайдалана алады. Ал егер БЖЗҚ салымшысы алуға болатын төлемді пайдаланғысы келмесе, ол оны өзінің туысына, зайыбына аудара алады. Өтініш берместен бұрын, қолданылу мерзімі аяқталмаған, қызмет алуға жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу қажет. Зейнетақы жинақтарының қолжетімді көлемін ҚР БЖЗҚ порталынан нақтылауға болады», - делінген хабарламада.

***

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры оңалту шараларының халық үшін қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда: егер 2019 жылы бұл қызметті 64 медициналық ұйым көрсетсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 559-ға жеткен. Бұл туралы ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты. «Коронавирус пандемиясы оңалту шараларының қаншалықты маңызды екенін және бұл бастама уақытылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Қазір бұл орталықтар мен бөлімшелерде коронавирус инфекциясынан кейін асқынуы бар науқастар қалпына келтіру емін алуда”, - деді Б.Төкежанов. Өткен жылдың басынан бастап медициналық ұйымдар 31 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтерін көрсеткен, оның ішінде 132 мыңы оңалту қызметтерін стационарлық жағдайда алған. Олардың ең көбі өткен жылдың соңғы тоқсанында болды. Бұған Covid-19 және коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды оңалту қызметтері де кіреді. 2021 жылы оңалту шараларын қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге артып, 55,8 млрд теңгеге жеткен.

***

Түркияның Ыстанбұл қаласындағы алаңға Абайдың есімі берілді. «Ұлы қазақ ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Ыстанбұл мәслихатының шешімімен қаладағы қазақ диаспорасы шоғырланған Зейтинбурну ауданындағы алаңдардың біріне ұлы ойшылымыз Абай Құнанбайұлының есімі берілді», делінген Елшіліктің Facebook-тегі парақшасында. Еске сала кетсек, Түркияның Эрзурум қаласындағы бульварға және бастауыш мектепке Әл-Фараби есімі берілген болатын.

***

«Олимпиада ойындарының уақыты өзгермейді. Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 23 шілдеде Токиодағы олимпиадалық стадионда өтуі керек. Оны барынша қауіпсіз қылуға тырысамыз», - деді Томас Бах. ХОК президенті арнайы мәлімдеме жасап, Олимпиада өтпейді деуге негіз жоқтығын қадап айтты. Бірақ оған келетін көрермендердің саны қысқартылуы мүмкін. Тіпті жүнкүйерсіз өтуі ықтимал екенін де алға тартты. Айта кетейік, Токио Олимпиадасы былтыр жазда болуы керек еді. Ғаламдық пандемияға байланысты ойын 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылды. Қазақстан құрамасы бұл ойындарға 40-тан аса лизензия жеңіп алды. Жазға дейін оның санын 100-ге жеткізу жоспарланып отыр.

***

«Барыс» жеңістер сериясын жалғастырды. Елордалық клуб сырт алаңда Құрлықтық лига үздігі «Динамомен» жолыққан. Мәскеу қаласындағы матч 2:0 есебмен аяқталды. Қазақстандық клуб сапынан Джесси Блэкер мен Павел Акользин мергендігімен көзге түсті. Қос шайба да бірінші кезеңде соғылды. Қалған уақытта алаң иелері қанша тырысқанымен есеп айырмасын қысқарта алмады. Осылайша, «Барыс» 55 ұпай жинап, турнир тізіміндегі 8-ші орнын сақтап қалды және бір саты жоғары тұрған командаға жақындай түсті. Айта кетейік, елордалық клуб осымен 3 матч қатарынан жеңіске жетіп отыр. Кезекті кездесу ертең Подольск қаласында өтеді. «Барыс» пен «Витязь» өзара мықтыны анықтайды.