Астана - 101,4FM

Биыл 86 миллион тонна мұнай өндіріледі

Биыл 86 миллион тонна мұнай өндіріледі

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. 2020 жылдың макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша баяндама жасаған Премьер-министр Асқар Мамин 5 айдың ішінде 44 көрсеткіш орындалғанын жеткізді.

***

Өңірлер бойынша өсім СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында байқалды. Одан кейін ШҚО мен Шымкент қаласы тұр. Экономиканы дамыту бойынша өткен жылы 10 өңірде оң көрсеткіштер тіркелді. 4 өңір жылды орта республикалық көрсеткіш бойынша аяқтады. Стратегиялық міндеттерді орындау бойынша биыл 7 басты бағытты дамыту мақсаты тұр. Бұл ретте АӨК, машина жасау және өзге салалар бойынша 112 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Осы жылы жылы өндірістік өнім көлемі ұлғайып, инвестиция мөлшері 3 есеге артады,-деді Асқар Мамин.

***

Сонымен қатар, "Үкімет "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлерп палатасымен бірлесіп қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Өңірлер бөлінісінде жобаларды неғұрлым белсенді іске асыру Алматы қаласында, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында байқалады. Бұл ретте Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары артта қалып отыр",-деген Премьер-министр биылғы мұнай өндіру жоспары туралы айтты.

***

"2021 жылы 86 миллион тонна мұнай мен 55,8 миллиард текше метр газ өндіріледі. Осы арқылы отын-энергетикалық ресурстарды өндіру және өңдеу көлемін арттыру жұмысы жалғасады,-деді Үкімет басшысы. Биыл Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы және Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырларын кеңейту шаралары басталады.

***

Алматы әкімдігі қаланың коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын санитарлық шараларды күшейтуге шақырды. Пандемия басталғалы бері шахарда COVID-19-дың 21 мыңнан астам оқиғасы тіркелді. Қаңтар айының соңғы 3 аптасында індет жұқтырғандардың басым бөлігі 20-39 жас аралығында байқалады -35,4%, 40-59 жас аралығында- 27,4%, 60 жастан асқандардың үлесі 21,5%. Cтатистикалық деректерге сәйкес, алматылықтар індетті көбінесе қоғамдық орындарда (39,6%), үй жағдайында (27,5%), қоғамдық көлікте (20,3% ) жұқтырған.

***

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар азайып келеді. Аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Қанат Тұрдиевтің айтуынша, өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда. Дегенмен, карантин 7 ақпанға дейін ұзартылды. Ал 25 қаңтардан бастап ШҚО мен Павлодар облысының шекарасына екі санитарлық бекет қойылды. Бұған коронавирус инфекциясы өршіп кеткен Павлодардың »қызыл« аймаққа кіруі себеп болды. Егер көршілес Алматы, Қарағанды облыстарында эпидемиологиялық жағдай нашарлай бастаса онда Шығыс Қазақстанның сыртқы шекараларына қосымша санитарлық бекеттер орнатылуы мүмкін», - дейді департамент өкілі.

***

Шаңғы спорты түрлерінен әлем біріншілігі көрерменсіз өтетін болды. Әлемдік дода 23 ақпан пен 7 наурыз аралығында Германияда ұйымдастырылады. Алғашында жанкүйерлер санын шектеуді қарастырған ұйымдастырушылар ғаламдық індетке байланысты чемпионатқа көрермендерді қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Сатылған билеттердің бәрі кері қайтарылған. Айта кетелік, әлем чемпионатында 23 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.