Астана - 101,4FM

Франция президенті «антисыйлыққа» лайық деп танылды

Франция президенті «антисыйлыққа» лайық деп танылды
  • Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы жаңа атауға ие болды. 
  • Алматыда әлеуметтік қызметтер үйі ашылады.
  • Франция президенті «антисыйлыққа» лайық деп танылды.


«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан ипотекалық компаниясының» атауы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ болып өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің тұрғын үй блогы үш еншілес компанияны – «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» және «Қазақстан ипотекалық компаниясын» бірыңғай операторына біріктіру арқылы өзгертілді. Біріккен компания Тұрғын үй құрылысы компаниясы ипотекалық қарыздар беру; - кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беру; - мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құрылыс салушыларға кредит беру; - жеке құрылыс салушылардың кредиттерін және ипотекалық қарыздарды субсидиялау; - тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру; - тұрғын үй құрылысының аяқталуына кепілдік берумен айналысады.

***

Алматыда әлеуметтік қызметтер үйі ашылады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Достық даңғылының бойында орналасқан ғимараттың жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды. Енді қала тұрғындары «бір терезе» қағидаты бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет түрін ала алады. Тұрғындар әлеуметтік қызметтер үйінің бірінші қабатында әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй саясаты басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы, Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация, көші-қон полициясы, БЖЗҚ, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының қызметіне жүгіне алады. Жоғарғы қабаттарда осы қызметтерге тікелей жауапты басқармалар орналасады.

***

Қазақконцертен «Қазақ» радиосына тарту! Елордада «Қазақ радиосының» 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтіп жатыр. «Қазақстан» орталық концерт залында ұйымдастырылған мерекелік шараны «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері ұсынды. «Қазақконцерт» пен «Қазақ радиосы» ұйымдарын көптеген мәдени-танымдық жоба байланыстырады. Сондай-ақ ғасыр құрдасы атанған радионың алтын қорында Қазақконцертте еңбек еткен өнер саңлақтарының туындылары сақталған. Биыл «Қазақконцерт» ұйымы да өзінің 60 жылдығын атап өтетінін ескерсек, бұл – қос мерейтойға арналған концерт ұлт руханиятын ұлықтауға арналған шара. Мерекелік концертте «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Ерболат Шалдыбеков, Клара Төленбаева, Айгүл Елшібаева, Құрмаш Маханов, Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Концерт карантин талаптарына сай, санаулы адамның қатысуымен өтуде.

***

Франция президенті Эммануэль Макрон Гринпис ұйымының «антисыйлығына» лайық деп танылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Халықаралық экологиялық ұйым оны климатты қорғауға ең аз үлес қосқандардың қатарына жатқызды. Олардың ішінде президенттен бөлек Франция үкіметінің бірнеше мүшесі мен экологиялық өзгерістер министрі де бар. Гринпис өкілдерінің түсіндіруінше, Эммануэль Макрон үнемі климатты қорғау бойынша көшбасшы екенін айтып, жар салады. Шындығында «президенттің сөзі мен ісі үйлеспейді» дейді.

***

Мәскеуде ұшатын таксидің ресейлік нұсқасы алғаш рет сынақтан өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Аэротакси – бұл жолаушы тасымалдайтын дрон. Ол жалпы салмағы 300 келіден аспайтын екі адамды әуеге көтере алады. Машина арнайы жүйе арқылы басқарылып, қауіпсіздігі қадағаланады. Жолаушылар апаттан сақтайтын капсулада отырады. Өндіруші компания бұл жобаны 2025-жылы жүзеге асыруды көздеп отыр.