Астана - 101,4FM

Елорда тұрғындарына Sputnik V вакцинасын салу үшін 3 миллион теңге жұмсалады

Елорда тұрғындарына Sputnik V вакцинасын салу үшін 3 миллион теңге жұмсалады

Елордада коронавирустық инфекцияның диагностикасы кеңейтілді. Орташа алғанда тәулігіне 5 мыңға дейін зерттеу жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Оның айтуынша, аурудың тұрақты өсуі – тестілеудің артуымен және қала тұрғындарының шектеу шараларын сақтамауымен байланысты.

*****

Сонымен қатар, Елорда тұрғындарына Sputnik V вакцинасын салу үшін 3 миллион теңге жұмсалады. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, бұл сома 736 мың адамның екпе алуына жеткілікті.

*****

Ақмола облысында вакцина салу жұмысы 24 пункте жүргізіледі. Кейін қалған партия жеткізілген кезде басқа егу кабинеттері мен көшпелі бригадаларды іске қосу жоспарлануда. Вакцинациялау жұмысын жүргізу үшін өңірде 1104 медицина қызметкері арнайы дайындықтан өтті. Қазір Ақмола облысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен «Спутник V» вакцинасының 1100 дозасы жеткізілді.

*****

Қостанай облысына вакцинаның 1200 данасы жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлнар Оспанованың айтуынша, екпе жүргізуге барлығы 31 медициналық мекеме жұмылдырылады. Вакцинация тегін және ерікті түрде өтеді. Егер бұл науқанға қатысқыңыз келмесе, жазбаша түрде бас тарта аласыз. 18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан адамдарға препарат салынбайды. Бүгін дәрігерлер мен санэпидбақылау департаментінің қызметкерлері вакцина қабылдамақ. Наурыз айында егу процесінен мұғалімдер өтеді», - дейді басқарма өкілі.

*****

Депозиттерге кепілдік беру қоры наурыздағы сыйақы мөлшерлемесін жариялады.

 «Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме деңгейінің сақталуына байланысты қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде сақталады. Яғни 9,0 пайыз. Нарыққа байланысты айқындалатын мерзімді депозиттердің мөлшерлемесі де 9,0 пайыз көлемінде өзгеріссіз қалады»,-деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.