Астана - 101,4FM

1 шілдеге қарай елде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданады

1 шілдеге қарай елде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданады

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алу туралы өтінімінің күшін жоя алады. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова осылай деді. «Қазір біз өз клиенттеріміздің ескертулерін назарға ала отырып, порталымыздың жұмысына тиісті өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Бірінші кезекте өте жиі түсетін өтініш - өтінімді редакциялау мүмкіндігін беру. Яғни, алдымен адам несиені төлеу туралы өтініш білдіріп алып, кейін жаңа пәтерді ипотекаға сатып алғысы келетін жағдайлар бар. Ал қазірдің өзінде арнайы шотқа ақшасы аударылып қойды делік. Бір аптаның ішінде өтінім берушілер үшін өтінімді редакциялау мүмкіндігі беріледі», - деді Ләззат Ибрагимова. Оның айтуынша азаматтар тіпті берген өтінімінің күшін жоя да алады.

*****

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жұмысқа орналасқандар туралы ақпарат қалай автоматтандырылатын айтты. «Жұмысқа орналасқандар туралы ақпаратты автоматты түрде қайта тексеру тетігін енгізу мақсатында «Қаржы және Индустрия министрліктерімен бірге салық, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу, сондай-ақ қазақстандық үлесті тексеру үшін автоматтандырылған бақылау орнату бөлігінде ақпаратпен алмасу» жұыстары ұйымдастырылады. Өз кезегінде, Еңбек министрлігі тарапынан еңбек келісімшарттарын тіркеу бойынша ақпараттық жүйені жетілдіру жұмыстары жүргізіледі», - деді министр.

*****

1 шілдеге қарай елде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы 7 негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру. Бұл ауаның ластану деңгейі жоғары - Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», - деді ол.

*****

ҚР Старатегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, елдегі ЖОО-лардағы студенттердің жалпы саны 576 557. Олардың ішінде қыздардың саны - 306 799 немесе 53,2%. Биылғы оқу жылында студенттердің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 4,6% төмендеген. Барлығы оқуға 152 789 адам қабылданды. 115 186 адам түрлі себеппен оқыту мерзімі аяқталғанға дейін ЖОО-дан шығарылған, бітіргендер саны – 153 627. Студенттердің жалпы санынан 83% күндізгі бөлімде оқиды. Мемлекеттік білім беру гранттарының есебінен 196 084 адам білім алуда, бұл студенттердің жалпы санының 34%-на тең, ақылы негізде 66% студент оқиды.