Астана - 101,4FM

Күн сайын елорда аумағынан 1000 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар шығарылады

Күн сайын елорда аумағынан 1000 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар шығарылады

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қалдықтарды қайта өңдеу зауытындағы өрттің себебі айтылды. Ведомство мәліметінше, қоқыс шығаратын және қайта өңдейтін кәсіпорын аумағында өрт өртеу салдарынан шыққан. Барлығы кәсіпорынның 1000 шаршы метр ашық алаңы өртке оранды. Өртті сөндіруге 95 адам мен 23 техника, сонымен қатар "Қазақстан Темір Жолының" екі өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. "Карпатская көшесіндегі кәсіпорында өрт болғаны туралы хабарлама сағат 19:28-де түсті. Оқиға орнына жеткенде компанияның қалдықтарды жою және қайта өңдеу аумағында автошиналардың жанып жатқаны анықталды. Өрт 22 қыркүйекте сағат 03:00-де жойылды. Өрттің шығу себебі - ашық от көзі, яғни өртеу", - деді Қарағанды облысы ТЖМ баспасөз қызметі өкілі.

*****

Күн сайын елорда аумағынан 1000 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Айта кетейік, елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау жұмыстарын "Clean City NC" компаниясы жүзеге асырады. Елорда аумағы 24 учаскеге бөлінген, онда 5 мыңнан астам контейнер алаңы бар. Барлық қалдықтар алдымен қоқыс өңдеу зауытына шығарылады. Қайта өңделмейтін қалдықтар одан әрі көму үшін полигонға жіберіледі, қалғандарынан жаңа өнімдер, қайталама шикізат пайда болады. Қалдықтарды шығару күн сайын сағат таңғы 06:00-дан кешкі 10-ға дейін екі ауысымда жүргізіледі. Жағымсыз иістердің таралуын болдырмау және кеміргіштердің пайда болу ошақтарын құрту мақсатында контейнерлерді дезинфекциялау құралдарымен жуу және өңдеу тұрақты негізде жүргізіледі.

*****

Нұр-Сұлтан қаласында 25 қыркүйектен бастап Мұхамедханов көшесінде Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін «Bus Lane» жолағы іске қосылады. Бұл өзгеріс осы учаскеде үлкен сұранысқа ие 2 бағдардың қозғалысына септігін тигізеді. Осылайша жалпы саны 25 автобустың жүрісі жылдамдайды. Күн сайын осы бағыттармен 16 мыңнан астам жолаушы жүреді. Қоғамдық көліктен бөлек, «Bus Lane» арқылы жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникасы қозғала алады. Нәтижесінде олардың келу уақыты едәуір қысқарады. Айта кетейік, елордада «Bus Lane» жобасы 26 жол учаскесінде жүзеге асырылуда. Көлік жүргізушілері осы өзгерістерді назарда ұстап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.