Астана - 101,4FM

Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды

Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды

Танымал актер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды. Айта кетейік, Досхан Жолжақсынов бүгін 70 жасқа толды. Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам рөлді сомдаған. Сонымен қатар халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал. Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және басқа фильмдерге түскен.

*****

Өзбекстанда 87 мыңнан астам балаға Pfizer вакцинасы салынды. Бұл туралы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 28 қыркүйектен бастап ата-анасы мен қамқоршыларының келісімімен 12 жастан асқан балаларға ерікті екпе егу енгізілді. Осыған дейін балаларға жасаған зерттеуде коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының клиникалық зерттеулерінің нәтижелері бұл вакцинаның жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті, сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын салуды ұсынған болатын. 5 қазандағы жағдай бойынша Өзбекстанда 12-18 жас аралығындағы 87 710 бала Pfizer вакцинасын ерікті түрде салдырды.

*****

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны 7 қазан күні сағат 14:10-да Хабар телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Екі бөлмелі пәтер Сарыарқа ауданында, Есіл өзенінің жағасынан 900 метр қашықтықта, «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Демеушісі — «G-Park» құрылыс компаниясы. Екі бөлмелі пәтердің автоматты ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында қалалық вакцинация пункттерінің кез келгенінде, медициналық мекемелерде, сауда ойын-сауық орталықтарында екпенің бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысады. Сонымен қатар, тікелей эфирде бағалы сыйлықтар ойнатылады: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, микротолқынды пештер, шаңсорғыш, үтік, фен және т.б.