Астана - 101,4FM

Елордадағы Тұран даңғылында жылдамдық шектеуі өзгертілді

Елордадағы Тұран даңғылында жылдамдық шектеуі өзгертілді

Кейбір қазақстандық мектептердің әкімшілігі қыздарға шалбар киюге тыйым салды. Бұған балалар да, олардың ата-аналары да қарсылық танытып, шағымдануда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Редакцияға Алматы, Қарағанды және Атырау облыстарындағы мектептерден бірнеше шағым түсті. Ата-аналардың айтуынша, қыздар мектепке тек юбка киіп баруға мәжбүр екен. "Осындай салқында қыздар шалбар киіп жүру керек. Бұлай тыйым салу заңсыз деп санаймыз", - деп шағымданды олар. Ал, Білім және ғылым министрлігі өкілдері биыл оқушыларға орта білім беру ұйымдарына мектеп формасында немесе классикалық стильдегі киімде оқуға рұқсат етілгенін хабарлады. Олардың айтуынша, оқушылар мектепке юбка немесе шалбар кию керек деген талап жоқ.

*****

Қазақстан атынан Junior Eurovision 2021 байқауына қатысатын үміткерлерге дауыс беру басталды. Халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуінің қазылар алқасы мүшелері ең мықты 30 қатысушыны анықтады. Келесі кезеңге өткен қатысушылардың тізімі jevision.khabar.kz сайтында жарияланды. Ұлттық іріктеудің финалистері онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беру 8 қазан күні сағат түнгі 00:00-де басталды, ол 12 қазанға дейін жалғасады. Бұл кезеңде қазақстандықтар jevision.khabar.kz сайтында өздеріне ұнаған қатысушыға дауыс бере алады. Әділқазы алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Парижде өтетін Junior Eurovision Song Contest Халықаралық ән байқауына Қазақстанның атынан қатысады.

*****

Тұран даңғылында жылдамдық шектеуі өзгертілді! Керей Жәнібек Хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі екі бағыттағы учаскеде жылдамдық 80-нен 60 км/сағ дейін төмендетілді. Жылдамдықты шектеуді бұзу 2021 жылдың 8 қазанында сағат түнгі 00.00 -ден басталды. Біз елорда тұрғындары мен қонақтарына аса мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.