Астана - 101,4FM

Алдағы демалыс күндері елордада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтеді

Алдағы демалыс күндері елордада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтеді

Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді. Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияны жұмысқа жіберу шарты ретінде бекітіп, құжатқа өзгеріс енгізді. Ол 17 қазаннан бастап күшіне енеді. «Бұйрық бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күндізгі режимдегі жұмысқа тек COVID-19-ға қарсы вакцина алған қызметкерлер жіберілетіні айтылған. Ал вакцина алмағандар ПТР тестілеудің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы анықтама, сондай-ақ, коронавиурспен ауырып жазылғанына 3 ай толмағаны туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа жіберілмек.

*****

Павлодар облысы осы демалыс күндері елордадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңке 9 және 10 қазанда "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда өтеді. Оған Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, облыстың ауылдық жерлерінің тауар өндірушілері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысады. Аталған өңір елордаға 200 млн.теңгеден астам сомаға 520 тонна өнім, оның ішінде ет, сүт, бакалея өнімдерін, картоп пен көкөніс әкеледі. Жәрмеңке санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізіледі. Естеріңізге сала кетейік, елордада 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады.

*****

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекке жаттығуын бастады. Головкин бұл туралы Instagram парақшасында жазып, суретін жариялады. GGG-дің суретінен ағасы Максим Головкинді, қазақстандық боксшы Әли Ахмедовті және жаттықтырушысы Кристофер Камачоны байқауға болады. "Жаттығуға оралған керемет. Барлығын аман сау көргеніме қуаныштымын", - деп жазды Головкин.