Астана - 101,4FM

Елордада "ТЕАТР ALL Nur-Sultan theatre week" театр фестивалі өтеді

Елордада

Алматы облысының тұрғыны өзінен көлік сатып алуға келген азаматты пышақтап, 10 млн теңгесін алып кетті. «Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне аудандық ауруханаға арқа тұсына сұғылған пышақ жарақаты бар 33 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жеткізілгені туралы хабар түсті. Ауруханаға жеткен жедел-тергеу тобы аталған фактіні растап, іздеу шараларын бастап кетті. Кейін сатушымен кездесу кезінде күдікті суық қару қолданып, зардап шегушіден 10 миллион теңге көлемінде ақшасын тартып алғаны анықталды». Аз уақыттың ішінде жедел қызметкерлер ер адамды анықтап, ұстады. Ол – 22 жастағы Есік қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде оған қатысты ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

*****

Көптен бері көрінбей кеткен Alibaba Group негізін қалаушы, миллиардер Джек Ма Гонконгте жүр, - деп хабарлайды Reuters. Агенттікке өткен аптада Джек Ма бірнеше іскер серіктеспен түскі ас кезінде кездескені хабарланған. Сондай-ақ Alibaba Нью-Йорктен бөлек Гонконгте де тіркелген. Кәсіпкердің кем дегенде бір үйі бар - ауданы 9 мың шаршы метрден аса үй, құны 193,5 миллион доллар. Сонымен қатар, агенттік мәліметінше, миллиардер былтыр қазанда Шанхайда Қытайдың қаржы реттеушілерін сынға алғаннан кейін көрінбей кеткен. Еске салайық, биыл мамырда Джек Ма күзден бері алғаш рет көпшілік алдына шыққан болатын. Ол Ханчжоудағы Alibaba Group кампусының бірінде болған. 

*****

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "ТЕАТР ALL Nur-Sultan theatre week" театр фестивалі өтеді. Оған қаланың және шетелдің 11 үздік ұжымы қатысып, 20-дан астам қойылым көрсетеді. Театр фестивалі елордада 28 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. "Астана Опера" театры мен қазақ драма театры үздік қойылымдарын көрсетеді. Ә. Мәмбетов атындағы комедия театры, М. Горький атындағы орыс драма театры, сондай-ақ, елордалық қуыршақ театрлары, "Жастар", "Наз", "Astana Musical" театрлары да өз өнерлерін ортаға салады. Фестивальдің құрметті қонақтары ретінде елордаға С.Образцова Кіші Бронная атындағы Мәскеу драма театрының және мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының шығармашылық ұжымдары шақырылды.