Астана - 101,4FM

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшесі болды

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшесі болды

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы барысында Қазақстан 2022–2024 жылдарға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайланды. Еліміздің Кеңестегі жұмысының басым бағыттары: гендерлік теңдікті ілгерілету, өлім жазасын жаппай жою, төзбеушіліктің барлық нысандарына қарсы күрес, дін мен сенім бостандығы, инклюзивті және жалпыға бірдей білім беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы жағдайында адам құқықтарын құрметтеу болады. Айта кетейік, бұған дейін еліміз Адам құқықтары жөніндегі кеңеске 2013–2015 жылдары сайланған болатын.

*****

2022 жылы қазақстандықтарда 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады. Көптеген мерекелік демалыс 3-4 күнге созылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айта кетейік, күнтізбе бес күндік жұмыс немесе оқу аптасы бойынша жасалды. 2022 жылы болатын ең ұзақ демалыстар: 

қаңтарда - Жаңа жылда 4 күн;

наурызда - Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн және Наурыз мейрамында 5 күн;

мамырда - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн;

желтоқсанда - Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады. 

7 қаңтардағы Рождество мейрамы жұмаға түсіп тұрғандықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Ал Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Заң бойынша, діни мейрамдар демалыс күнге түскен жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.  

*****

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты. Оның жұбы Ресей спортшы Вероника Кудерматова болды. Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік дуэт Людмила Киченок пен Елена Остапенконы 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Рыбакина мен Кудерметова үш рет Эйс орындады, сондай-ақ қос қате жасады және 14-тен алты үзіліс ұпайын жүзеге асырды. Енді финалда Елена мен Вероника турнирдің екінші жұбы - Сие Шувейге мен Элис Мертенске қарсы ойнайды.