Астана - 101,4FM

Елордалықтарға Ұлттық халық санағына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Елордалықтарға Ұлттық халық санағына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. «Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады»,-деп жазды Презденттің баспасөз хатшысы. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 12 қазанда елімізге келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовты қабылдаған болатын. Осы жүздесу барысында Рашид Мередов Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан Президентін өз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақыруын табыс еткен еді.

*****

Алматы облысы Қаскелең қаласында 25 жастағы жігіт көліктен оқ атты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. Телеарна мәліметінше, оқиға Абылайхан көшесінде болған. Көшедегі жұрт шошығанымен, ешкім зардап шекпеген. Полиция күдіктіні ұстады. Ол Қарасай ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті өз ісін үйлену тойы кезінде қуаныш үстінде жасағанын айтып ақталған. Оқ көліктен атылған. Көлік айып тұрағына қойылды. Енді осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

*****

Елордалық СОО мен базарларда Ұлттық халық санағына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Интервьюерлер мен еріктілер «Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда жәрмеңкеге келушілермен, сонымен қатар "Big Шанхай" СК, "Артем" СҮ, "Тұлпар" СҮ, "Евразия" Сауда орталықтары келушілерімен әңгімелесіп, санақтан екі тәсілмен – sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн және дәстүрлі түрде өтуге болатындығын еске салды. Сондай-ақ, буклеттер таратып, сұрақтарға жауап берді, планшеттер арқылы қалай тіркелуге болатынын көрсетіп, онлайн санақтан өтуге тілек білдірушілердің барлығына көмектесті. Айта кетейік, бүгінгі таңда елорданың 600 мыңнан астам тұрғыны халық санағынан өткен.