Астана - 101,4FM

Жүргізуші куәлігін сатып алғандар анықталды

Жүргізуші куәлігін сатып алғандар анықталды

«Білімді ұлт» ұлттық жобасының аясында 5000 мектептің материалдық- техникалық базасы жаңартылып, қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Ал шалғайдағы шағын мектептерге қаладағы әлеуетті мектептер әдістемелік көмек беріп, «тәлімгер» болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат. Жоба аясында мектепке дейінгі тәрбиенің мемлекеттік стандартын өзгерту көзделген. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық мектепке дейінгі ұйымда бала дамуының жаңа моделі енгізіледі. «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт өзгертілетін болады. Енді жаңа стандарт бойынша балабақшада қалыптасатын дағдылардың бәрі ойын арқылы сіңіріледі», - дейді комитет төрағасының орынбасары. 

*****

Екі өңірде мыңнан аса адам жүргізуші куәлігін сатып алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, "Қостанай және Ақмола облыстарының ХҚКО қызметкерлері азаматтар жол қозғалысы ережелерін білуге теориялық емтихандарды тапсырмаса да өткені туралы бланкілер берген. Азаматтардың орнына емтиханды арнайы дайындалған адамдар тапсырған", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі. Ведомствоның хабарлауынша, Ақмола облысында бұл үшін емтихан компьютерлеріне қашықтан қол жеткізу қолданылған. Ал Қостанай облысында медициналық бетперде мен бас киім киген адамдар тестілерді тікелей емтихан сыныбында тапсырған. Тергеу барысында 1000-нан астам жүргізуші куәлігін заңсыз беру дерегі анықталған.

*****

Елордалық Оқушылар сарайында қаланың жалпы білім беретін мектептері мен орта арнаулы оқу орындарының психологтары мен "дінтану" пәнінің оқытушыларына арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараның мақсаты - дінтану пәнінің оқытушылары мен психологтардың біліктілігін арттыру және мектеп оқушылары үшін діни экстремизм идеяларының алдын алу. Қатысушылар елдегі дін саласындағы бүгінгі мәселелерді, дінтану пәнін оқытудың тиімді және жүйелі жұмысы бойынша жаңа әдістер, идеялар мен ұсыныстарды талқылады. Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.