Елордада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының нәтижелері жарияланды

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды. Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады. Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – Ең Төменгі Жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді.
*****
Елордада 2021 жылға арналған «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана» тұрғын үй бағдарламасының нәтижелері жарияланды. Бағдарлама бойынша өткендердің арасында екі көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан 800 пәтер бөлінеді. Биыл бағдарламаға қатысуға 4863 адам өтінім берді, олардың 800-і жақын арада пәтер кілтін алады. Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда бағдарлама бойынша өткендердің тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланған. 213 пәтер Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысында, тағы 587 пәтер Абылай хан, Б.Момышұлы және Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан. Бағдарламаның барлық қатысушыларына "Іріктеуден өтті", "Резерв" немесе "Бас тартылды" деген смс-хабарламалар жіберілді.