Астана - 101,4FM

Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті болып тағайындалды

Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті болып тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлердің арасында жоғары лауазымды тұлғалардың туыстары бар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғановаға осындай сауал қойылды. «Біз ол жағын міндетті түрде тексереміз. Олрдың қатарында жоғары лауазымды шенеунік туысы бар кандидаттар немесе лауазымды тұлғалардың балалары жоқ. Біз керісінше мүмкіндігі жоқ жастарға «әлеуметтік лифт» үсынғымыз келеді», - деді Анар Жайылғанова. Айта кетейік, биыл Президенттің жастар кадр резервін іріктеуге бюджеттен 70 млн теңге жұмсалғанын. «Ол қаражат ІТ-платформаны дайындауға, сарапшыларды тартуға, ассесмент-орталық ұйымдастыруға жұмсалды», - деді Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

*****

Азия күрес федерациясының президенті және UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты. Күрес федерациясының кезектен тыс конференциясында спорт құрылымының экс-президенті Ерлан Қожасбай қызметінен кету туралы шешім қабылдап, Дәулет Тұрлыхановтың кандидатурасын ұсынды. Конференцияға қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Тұрлыханов федерация президенті болып сайланды. Айта кетейік, бұған дейін ол аталған федерацияның вице-президенті қызметін атқарған. Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

*****

Қостанай облысында ауыл тұрғынына қасқыр шабуыл жасады. Бұл туралы  Qostanai.Media хабарлады. Оқиға 24 желтоқсанда Наурызым ауданы Қарамайшы кентінде болған. Жыртқыш жеке үйдің ауласына келіп, 40 жастағы ер адамға шабуыл жасаған. Ауыл тұрғындарының бірі оқыс жағдайдың алдын алып үлгерген. Ол айқайлаған дауысты естіп, үйден жүгіріп шығып, балтамен қасқырды өлтірген. Қазір Қарамайшы тұрғыны аудандық ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Ал қасқырдың мәйіті облыстық орталыққа сараптамаға жіберілгені белгілі болды.