Астана - 101,4FM

Референдумды өткізудегі азаматтық қоғамның рөлі

Референдумды өткізудегі азаматтық қоғамның рөлі

Елордада "Референдумды өткізудегі азаматтық қоғамның рөлі" атты дөңгелек үстел өтті. Оған қаланың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, мәслихат депутаттары мен белсенділер қатысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Азаматтық сектор өкілдері референдум өткізу туралы өз ойларын ортаға салып, оған дауыс беру құқығы бар әрбір қазақстандықтың қатысуының маңыздылығын атап өтті.

"Бүгін біз референдумның алдағы аспектілерін талқылау үшін, сондай-ақ халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пікір аламасу үшін қаламыздың ең белсенді үкіметтік емес ұйымдарымен бас қостық. Себебі азаматтық қоғамның конституциялық реформаларды түсіндіру процесіне қатысуы өте маңызды. Менің ойымша, әркім өз сұрақтарына жауап алды",-деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Назгүл Мақжанова.