Астана - 101,4FM

«Жаңа Қазақстан» бірінші кезекте жастарға керек»

«Жаңа Қазақстан» бірінші кезекте жастарға керек»

"Елорда жастары: «Жаңа Қазақстан» бірінші кезекте жастарға керек» тақырыпта  қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында  алдағы жалпы республикалық референдумды өткізу талқыланды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу бағдарламасы аясында жалпы республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы, елордада мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы ел үшін аса маңызды тақырыптар қаралды. Мұндағы мақсат – жастарға алдағы референдумның маңыздылығын түсіндіру.

«Біздің жастар референдум кезінде белсенділік көрсетеді деп үміттенемін», – деп атап өтті Qazaqstan team республикалық жастар бірлестігінің жетекшісі Олжас Сүлейменов.