Астана - 101,4FM

Елордада Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Елордада Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Елордалық "Бақытты Отбасы" орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Кездесуге қатысушылар Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізудің маңыздылығын талқылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Айта кетейік, референдумға Конституциясының 33 бабына түзетулер енгізу мәселесі шығарылады, бұл мемлекеттің саяси тәртібіне елеулі өзгерістер әкеледі. Оған әрбір қазақстандықтың қатысуы маңызды!