Астана - 101,4FM

«Жаңа Қазақстанды» құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығы

«Жаңа Қазақстанды» құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығы

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы конституциялық реформаларды талқылау бойынша кездесу өткізді.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» ХХХІ сессиясында айтылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өткізу туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.

Кездесуге қатысушылар Конституцияның ел дамуындағы рөлін, сол сияқты «Жаңа Қазақстанды» құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтіп, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдірді.