Астана - 101,4FM

Еркін Қыдыр: Мемлекет басшысы әкім тағайындау кезіндегі мәслихаттың рөлін күшейтті

Еркін Қыдыр: Мемлекет басшысы әкім тағайындау кезіндегі мәслихаттың рөлін күшейтті

Ұлттық академиялық кітапханада конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша Республикалық қоғамдық қолдау штабы мүшелерінің зиялы қауым өкілдері мен мәдениет ұйымдары қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Жиынға қатысушылар конституциялық реформаның «Жаңа Қазақстанды» құрудағы маңыздылығын талқылап, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.

«Ең басты мәселе Президент өз өкілеттігін күшейтіп жатқан жоқ. Керісінше өз өкілеттігін бөлісіп, суперпрезиденттіктен кетіп жатыр. Мемлекет басшысы әкім тағайындау кезіндегі мәслихаттың рөлін күшейтті. Мұның өзі Қазақстанды үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын білдіреді. Егер жаңа Қазақстанға қадам басамыз десек референдумды қолдап, дауыс беруіміз керек», – деді «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр.