Конституцияның ел дамуындағы рөлі

Конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша Республикалық қоғамдық қолдау штабының мүшелері Astana IT University ғимаратында елордалық жастар бірлестіктері өкілдерімен кездесті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жиын қатысушылары Конституцияның ел дамуындағы рөлі мен конституциялық реформаның «Жаңа Қазақстанды» құрудағы маңыздылығын талқылап, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын білдірді. Сол сияқты көкейкесті мәселелерді қозғап, ұсыныстарын да айтты.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.