Астана - 101,4FM

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы қаланың мемлекеттік және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесіп 8 шілдеде елорданың жастары мен жоғары оқу орын және колледж түлектері үшін "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін" ұйымдастырады деп Нұр-сұлтан әкімдігі хабарлайды.

Мыңға жуық жұмыс орнын Кадрлар іздеп жүрген қырықтан астам жұмыс берушісі ұсынады. Бұл-өнеркәсіп туризм және сауда саласындағы ірі бизнес өкілдері. Өз тарапынан ізденушілерге мүмкіндігінше өзімен бірге түйіндеме байланыс деректерін алып келу керек. Бос орындар жәрмеңкесі 8 шілде күні сағат 10:00-ден түскі сағат 14:00-ге дейін Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша орналасқан "Жастар" сарайының бірінші қабатында өтеді.