Елордада шектеу шаралары қабылданды

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері келесі шектеу шараларын қабылдады:
- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс түріне ауыстыру;
- COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
- адам көп жиналатын орындарға барған кезде, қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде тағу;
- 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін жиындарды онлайн форматқа көшіру;
Вакцинация және ревакцинация инфекциядан қорғанудың жалғыз әдісі. Сондықтан біз вакцинация мен ревакцинациядан өту арқылы ғана індеттің таралуына қарсы тұра аламыз. Коронавирусқа қарсы екпе алыңыз!
Өзіңіздің денсаулығыңызды, жақындарыңыздың денсаулығын қатерге тікпеңіз!»