Астана - 101,4FM

Қыстың қамын жазда ойла

Қыстың қамын жазда ойла

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған тұрғын алаптарында тұратын елорда тұрғындарын суық ауа райы басталғанға дейін көмір сатып алуға шақырады.

Көмірді ертерек сатып алу «жоғары» сұраныс кезеңінде кезек пен оның жетіспеушілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бағаны бекіту туралы меморандумдарға қол қойған көмір сататын 14 орын бар. Көмірдің құны мен сатылатын орындары туралы толық ақпаратты 109 телефоны арқылы "жедел желіге" хабарласып білуге болады.