Астана - 101,4FM

Астана қаласының әкімдігі «OTBASY DUATLON 2022» жарысына қатысуға шақырады

Астана қаласының әкімдігі «OTBASY DUATLON 2022» жарысына қатысуға шақырады

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласының әкімдігі 2022 жылдың 2 қазан күні балалар жылы аясында елордалық Триатлон паркінде өтетін «OTBASY DUATLON 2022» жарысқа қатысуға шақырады.

Жарыстарға қатысуға 8 жастан 9 жасқа дейінгі, 10 жастан 11 жасқа дейінгі және 12 жастан 13 жасқа дейінгі жас санатындағы балалар жіберіледі. Ата-аналардың жасы маңызды емес.

Жарыс үш кезеңнен тұратын екі спорт түрінен, үш қашықтықта өткізіледі. Жарыс соңында қатысушылар қатысқаны үшін медальдармен марапатталады. Үздіктер I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сонымен қатар, қатысушыларға "Dodo" мейрамханасының арнайы сертификаттары, «GALANZ bottlers» компаниясы ұсынған "Sevens"суы таратылады.

«OTBASY DUATLON»-ға тіркелу үшін мына телефондар арқылы хабарласу қажет: 87470545900 Дарын, 87079778001 Ризабек.

Тіркеу нөмірлері 2 қазанда сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін беріледі.

Сондай-ақ, қатысушылар арасында тіркеу нөмірлері бойынша лотереяда 10 велосипед ойнатылады.