Астана - 101,4FM

Жәрмеңкеге келіңіз!

Жәрмеңкеге келіңіз!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары

Астана қаласының әкімдігі 1-2 қазан күндері Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне өз өнімдерін ұсынады.


Бұл өңірлердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына жоғары сапалы экологиялық таза өнім ұсынбақ. Өнімнің ассортименті 70 атаудан асады.

Барлық өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болады.

Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін де концерттік бағдарлама дайындалды.

Еске салайық, бұл жәрмеңке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.

Жәрмеңкелер 30 қазанға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді.  Өткізілетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран 48 мекенжайы.

Келесі кезекте Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады - 8-9 қазан.