Астана - 101,4FM

20 қараша күні Президент сайлауына келіңіз!

20 қараша күні Президент сайлауына келіңіз!

                                            Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

20 қараша күні Қазақстанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.


Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарына өздерінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді келесі тәсілдермен онлайн алу мүмкіндігі бар екенін хабарлайды. Олар:

1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/

2. Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/@sailau_astana_bot

3. IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.

Азаматты дауыс берудің нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, аталған сайлау учаскесінің аумағында тіркелу фактісі негіз болып табылатынын атап өту маңызды.

Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz “электрондық үкімет” порталындағы «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару” бөлімінде немесе "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.