«Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды
![«Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды](https://cdn.qazradio.fm/2022/11/15/1668490660440.webp?w=750&format=jpg)
Астана қаласында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында «Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды.
Конкурсқа ерлі-зайыптылардың бірі 29 жасқа толмаған отбасылар қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту.
Өтініш беру үшін Telegramm мессенджері арқылы 8777 010 4240 нөміріне келесі құжаттарды жіберу қажет:
1. Сканерленген неке туралы куәлік;
2. Сканерленген ерлі-зайыптылардың екеуінің жеке куәлігі;
3. Байланыс мәліметтері.
4. Instagram аккаунты
5. «Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек» тақырыбына бейнеролик.
Өтініштер 14-ші қарашаға дейін қабылданады.