Астана - 101,4FM

«Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

Астана қаласында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында «Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды.

Конкурсқа ерлі-зайыптылардың бірі 29 жасқа толмаған отбасылар қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту.

Өтініш беру үшін Telegramm мессенджері арқылы 8777 010 4240 нөміріне келесі құжаттарды жіберу қажет:

1. Сканерленген неке туралы куәлік;
2. Сканерленген ерлі-зайыптылардың екеуінің жеке куәлігі;
3. Байланыс мәліметтері.
4. Instagram аккаунты
5. «Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек» тақырыбына бейнеролик.

Өтініштер 14-ші қарашаға дейін қабылданады.