Астана - 101,4FM

Астанада мектеп құрылысына 100-ден астам жер учаскесі белгіленді

Астанада мектеп құрылысына 100-ден астам жер учаскесі белгіленді

Елордамыз Астана қаласында мектеп құрылысы жүргізілетін 100-ден астам жер учаскесі белгіленді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, 23 ірі мектептің жобасы жүргізіліп жатыр. Бұл 23 мектеп 2 ауысымда 84 мыңнан астам оқушыны қамтуға мүмкіндік береді. Елорда тұрғындарының жыл сайын артып келе жатқаны ескеріліп, оқу орындары орналасатын жер учаскелерінің де саны көбеюде. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттіліктеріне орай қаланың барлық ауданында орналасқан.

Мектеп пен өзге де маңызды әлеуметтік нысандар салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын артатын болады. Әр ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына арнайы бағыт бекітілді.

Осыған дейін Астанада 6 ірі мектеп ашылды. Олардың әрқайсысы 4 мың оқушыға есептелген.

Елордада 2019 жылдан бастап 93 мың оқушы орнына арналған 2 ауысымды 45 мектеп салынды. Оның 9-ы биылғы оқу жылында оқушыларды қабылдайды.