Астанада «Run for autism» қайырымдылық жүгіру марафоны өтеді
29 сәуірде Астанада Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орайластырылған «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтеді. Жүгіріске қатысу үшін кәсіби спортшылар, жүгірушілер, блогерлер, БАҚ өкілдері, ерекше балалар мен олардың ата-аналары шақырылады.
Ұйымдастырушылар: «Болашақ» Корпоративтік қоры Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен.
Орны мен күні: Астана қ., Триатлон парк, 2023 жылғы 29 сәуір, басталуы сағ 08:00-де.