Астана - 101,4FM

29 сәуір күні Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді

29 сәуір күні Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!


Астана қаласының әкімдігі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарын, көпқабатты үйлер мен жеке үйлердің тұрғындарын «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында 29 сәуір күні жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырады.

Аулалар мен алаңдарда, абаттандырылған аймақтарда тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ су айдындарының маңын тазалауға шақырамыз.

Алдағы сенбі күні, яғни 29 сәуірде Сіздерді елорданы бұдан да таза ету үшін ауқымды жалпы қалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз.