Астана - 101,4FM

Байқауға қатысып, бақ сынаңыз!

Байқауға қатысып, бақ сынаңыз!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!


Елорда күніне орай елорда әкімдігі авторлар арасында үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі Астананың дамуы туралы сюжеттер байқауын өткізеді.


Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік журналист-сарапшы» – елорда туралы баспа басылымдарында жарық көрген сараптамалық материалдар;

2) «Үздік шолушы» – Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар;

3) «Үздік радиорепортаж» – Астанаға арналған радиосюжеттер;

4) «Үздік телесюжет» – қала өмірі туралы телесюжеттер;

5) «Үздік мобилограф» – мегаполис өмірі туралы бейнероликтер;

6) «Үздік фоторепортаж» – Астана туралы фотосуреттер;

7) «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – әлеуметтік желідегі үздік материалдарды анықтауға бағытталған. Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер қатысуға өтініш бере алады.

Ең үздік жұмыс ақшалай сертификаттармен ынталандырылады.

Өтінімдер 2023 жылдың 16 маусымына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады: sluzhbakommunikatsiy@mail.ru.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (702) 407-52-82.

Байқаудың ережесін Астана қаласы әкімінің сайтында танысуға болады.