Астана - 101,4FM

Астана қаласында 26 мамыр күні «Халық заңгері» акциясы басталады

Астана қаласында 26 мамыр күні «Халық заңгері» акциясы басталады

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласында 26 мамыр күні сағат 17:00-де «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Оның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады.

Акцияны ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Акция өткізілетін орын: Астана қаласы, Кенесары, 32 үй, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармония ғимараты. Кіру тегін.