Астана - 101,4FM

Астанада бизнес-идеяларға грант алу үшін өтінім қабылдау басталады

Астанада бизнес-идеяларға грант алу үшін өтінім қабылдау басталады

Астана қаласының әкімдігі Астанада кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар ұсыну конкурсына қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдау басталады.

Байқауды елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы өткізеді.

Өтінімдер тек kezekte.kz порталы арқылы онлайн форматта 2023 жылғы 7-16 тамыз аралығында қабылданады.

Өз қызметін экономиканың басым секторлар шеңберінде жүзеге асыратын, мемлекеттік грант алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгіну кезінде мемлекеттік тіркелуі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелген (әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері ғана) кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушылар бола алады.

Толығырақ ақпаратты 8 (7172) 55-69-21, 55-69-03, 55-69-10, 55-69-19 телефондары арқылы алуға болады немесе Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында танысуға болады.