Астана - 101,4FM

Астана қаласының тұрғындары үшін көмір жеткілікті

Астана қаласының тұрғындары үшін көмір жеткілікті

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласының әкімдігі қалада көмірдің болуы, сату орындарындағы бағалары туралы қажетті ақпарат «109» нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істей бастағанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта Астана қаласының тұрғындары үшін көмір өнімдерін сататын 11 тұйық көше және 14 орын бар.

Ондағы көмір қоры 13 мың тоннаны құрайды. Олар келесі мекен-жайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен, 6/2, Көктал, 28/1, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев, 76, А.Жұбанов, 35, М.Дулатов 182/1, 85 (ЖЭО ауданы-3), 70-Жол, 9А, Герцен, 6б, Қарағанды тас жолы («Магнум» супермаркетінің артында).

Елорда әкімдігімен жасалған меморандумдар бойынша көмірдің орташа бағасы:

Шұбаркөл – тоннасына 15 100 тг;

Қаражыра – тоннасына 15 500 тг;

Майкуба – тоннасына 13 300 тг.