Астана - 101,4FM

16-21 тамыз аралығында Астанада көше қиылыстары бойынша қоғамдық талқылаулар өтеді

16-21 тамыз аралығында Астанада көше қиылыстары бойынша қоғамдық талқылаулар өтеді

Құрметті тұрғындар мен қала қонақтары!

Астана қаласының әкімдігі 2023 жылдың 16-21 тамыз аралығында елордалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, сондай-ақ Есіл, Нұра, Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр аудандары әкімінің аппараттары Жеңіс және Бөгенбай Батыр даңғылдарының, Достық және Қабанбай батыр даңғылдарының, Қорғалжын тас жолының, Анатолий Храпатый, Әбубәкір Тыныбаев, Шарль де Голль көшелерінің, Тәуелсіздік даңғылының қиылысы учаскелерінің аумағында егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жобасы бойынша қоғамдық талқылауды өткізеді.

Сонда гүлзарлар, жағалаулар және басқа да қоғамдық кеңістіктер мен ғимараттар салу жоспарланып отыр.

Талқылаулар 2023 жылдың 16-21 тамызы аралығында сағат 10:00-17:00 аралығында Республика даңғылы, 32, 1-қабат мекенжайы бойынша өткізілетін болады.

Дәлелді пікірлер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Астана қаласы, Мамбетов көшесі, 24 үй, Республика даңғылы 32 үй, 1-ші қабатында ұсыныстарға арналған жәшіктері арқылы қолма-қол жіберуге болады.