Астана - 101,4FM

JOLTAP жобасымен табысыңды арттыр

JOLTAP жобасымен табысыңды арттыр

Астана әкімдігі елорда тұрғындарын халықтың табысын арттыруға және жұмыспен қамтуға бағытталған жобаға қатысуға шақырады.

JOLTAP жобасы – бұл Астана тұрғындары үшін табысын арттыруға және тұрақты табыс табуға ұмтылатын мүмкіндіктердің кешенді әлеуметтік бағдарламасы.

Жоба Мемлекет басшысының белсенді және привентивті әлеуметтік саясат қажеттігін атап өткен тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр. Жалпы жоба құралдары қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып саналады.

Жобаның мақсаты – халықтың табысының өсуі үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмек көрсету.

Адам көп жиналатын орындарға «Баршаға мүмкіндік» модульді пункттерін орналастыру арқылы, жоба мұқтаж азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мемлекеттік және қосымша қолдау шараларын міндетті түрде ұсынады.

«JOLTAP» жобасының барлық сұрақтары бойынша күн сайын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін +7 (707) 221 31 31 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.


Фото: tengrinews.kz