Астана - 101,4FM

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі енгізіледі

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі енгізіледі

Астана қаласының әкімдігі хабарлайды, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес-жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жөніндегі міндеті енгізілді.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, елорданың барлық ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, оның ішінде жеке кәсіпкерлер Сіздің ұйымыңыздың барлық штаттық қызметкерлерінің еңбек шарттарын порталдағы www.hr.enbek.kz сайтында.еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу бойынша жұмыстар жүргізуі қажет.

Қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасу және тоқтату, оларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат енгізу бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын сақтауды сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда Бейбітшілік 9 мекенжайы бойынша «Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-не хабарласуға болады.



Фото: otyrar.kz