Астана - 101,4FM

Сақтансаң сақтайды

Сақтансаң сақтайды

Астана қаласының әкімдігі хабарлайды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.

Осыған байланысты, жұмыс берушілерге жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру қажеттілігі туралы еске саламыз.

Жоғарыда көрсетілген норманы орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 230-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

Сұрақтар туындаған жағдайда Бейбітшілік 9 мекенжайы бойынша «Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-не хабарласуға болады.


Фото: inform.kz